«Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің Алакөл филиалының аңшылықтанушысы мен мемлекеттік инспекторлары бірлесіп Алакөл филиалы Көкжар ормашылығыңың Жамантас шатқалы, Үйгентас орманшылығының Кепелі шатқалында рейдтік іс-шара жүргізді. Рейд барысында орманды жанама пайдаланушыларға орман өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, қасақылықтың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
✍🏼Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі