Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Ғылыми-теориялық семинар өткізілді

Ғылыми-теориялық семинар өткізілді

Бүгін Жоңғар Алатауы МҰТП-нде ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері А.Ж.Жанғалиевтің туғанына 111 жылдығына орай «Жетісудегі жабайыжемісті алмағаштар алқаптары және оның болашағы» атты ғылыми семинар өткізілді. Парктің бас директоры М.Н.Кабиев семинарды ашып А.Жанғалиевтің еңбек жолдарымен таныстырып, паркте жабайыжемісті Сиверс алмасы орман алқаптарында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.
Ғылым бөлімінің аға ғылыми қызметкері С.Б.Игембаев баяндама жасады. Баяндамада 1983 жылдың 1-ші қыркүйек осы Сарқан орман шаруашылығы мекемесі, кейін 2010 жылдан Жоңғар Алатауы МҰТП-де қызмет етіп, қызмет барысында А. Ж. Жанғалиевтің жабайы-жемісті орман алқабында ғылыми зерттеулер жүргізген сәттерін көргенін, оның осы жұмыс нәтижесінде Жоңғар тауларында Сиверс алмасы орман генетикалық резерваттар құрғаны және оның шәкірті болған академик М.М.Исинмен бірге жүргізілген зерттеулеріне тоқталды. А. Жанғалиев өз еңбектерінде Қазақстанның таулы жеміс ормандары агробиоалуантүрлілігінің бірегей генетикалық ресурстары екенін дәлелдейді. Көптеген халықаралық зертханаларда жүргізілген зерттеулер Жоңғар және Іле Алатауының жабайы алма ағашы шынымен де әлемдегі көпшілік алмалардың арғы атасы екенін растады.
Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Т.Қ. Қасымханова Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық паркінің Сиверс алмасы жабайы жемісті орман алқабында ғылыми мекемелермен орындалған ғылыми-зерттеулердің нәтижелері және Сиверс алмасы орман алқаптарын сақтап қалудағы болашақтық іс-шаралар туралы баяндама жасады. Көпшілік қауымды ғылыми-зерттеу нәтижелерімен таныстырды.
Семинар соңынан ұсыныстар қабылданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған