Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «ОРМАН» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«ОРМАН» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалы Тополевка, Аманбөктер орманшылықтарына «ОРМАН» жедел-профилактикалық іс-шара жоспары бойынша ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында парк қызметкерлері, төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері және полиция қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топ құрылып, рейдтік жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар орман өртінің алдын алу туралы демалушыларға және шекаралас жеке шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, (30 дана үнпарақтар таратылды).
✍🏼«Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған