Ағымдағы жылдың 30-шілдесінде «Жоңғар-Алатауы МҰТП» экологиялық ағарту және инженер-экологтың ұйымдастыруымен, «Sarkan jastary» орталығының қатысуымен ұлттық парктің #6 «Сарқан орман тұқымбағы» туристік маршрутта пластмасса, полиэтилен пакеттері мен қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары бойынша «Таза болса табиғат — аман болар адамзат» атты экологиялық сенбілік өткізілді.
Эко-акцияның негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты ластамау үшін қолданылған пластикалық қалдықтар және қоқыстардың арнайы жәшіктерге тастау, табиғатты қорғау үшін келешек ұрпаққа үгіт насихат жұмыстарын жүргізу. Экологиялық сенбілікке қатысушыларға, паркке келушілерге ЕҚТА аумағындағы өрт қауіпсіздігі ережелер туралы, қоқыс қалдықтарын тастамау жөнінде жадынама таратылды.
Қатысушылардың саны — 30 адам.