Талдықорған қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ мүшелері «Жоңғар-Алатауы МҰТП» аумағында орналасқан, парктің інжу-маржаны —Жасылкөл көліне қызықты туристік саяхат жасады.
Теңіз деңгейінен 1630 м биіктікте орналасқан көлдің ұзындығы 2 км, көлденеңі ең кеңейген тұсында 700 метрге жетеді. Көлдің тереңдігі 50-90 метр шамасында.
Жасылкөл көлі көптеген туристерді ерекше сұлулығымен тартады.
Сонымен қатар, келушілер «Жоңғар-Алатауы» МҰТП аумағында өсетін 300 жылдық Сиверс алма ағашына барып, жергілікті табиғаттың ерекшелігімен танысты.