Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » № 15 туристік маршрут «Ақкөл көлі»

№ 15 туристік маршрут «Ақкөл көлі»

Ағымдағы жылдан бастап «Жоңғар-Алатауы МҰТП» №15 туристік бағыты «Ақкөл көлі» ашылды.
Ақкөл көлінің қалыптасу жүйесі каскадты, 1 үлкен және 2 шағын көлдерден тұрады. Үшінші көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Тушинский мұздығы орналасқан.
Көлдер соңғы онжылдықтарда мұздықтардың белсенді азаюы нәтижесінде пайда болған. Сонымен қатар, мұздықтағы үлкен көл басқа екі су айдынының профилінен бірнеше метр биіктікте орналасқан.
Көлдер тасты беткейлермен және тастармен қоршалған.
12 шілдеде туризм маманы М. Шамшудиновтың сүйемелдеуімен туристер тобы осы жаңа туристік бағытқа барып, жергілікті табиғатпен танысты. Уақыт бойынша туристік саяхат 6 сағатқа созылды.
#Сарқанфилиалы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған