“Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ Алакөл филиалының қызметкерлері және Ақжар ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылған “Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау” күніне орай, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша “Тазалықты сақтау – ортақ іс, ортақ парызымыз” ұранымен Қөкжар демалыс орнын тазалау, қоқыстарды, пластик қалдықтарын қоқыс орнына жинастыру жұмыстары жүргізілді. Демалыс орнына келген демалушыларға, оқушыларға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ұлттық парктің ерекшеліктерімен таныстырылды.