Құрметті Сарқан қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
«Жоңғар-Алатауы МҰТП» – нің арнайы туристік демалыс орындарында болған кездеріңізде жыртқыш аңдардан сақ болуларыңызды сұраймыз. Парк аумағында Тянь-Шань қоңыр аюы мекендейді. Жыртқыш аңдар кездескен жағдайда жақын бармауға мазалау факторларын болдырмауларыңызды ескертеміз. Тянь-Шань Қоңыр аюы қонжықтарын қорғау мақсатында адамдарға шабуыл жасауы мүмкін.
✍️Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі