Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » “Туған жерім, табиғатым” атты экологиялық форум өткізілді

“Туған жерім, табиғатым” атты экологиялық форум өткізілді

17.04.2024 ж. “Жоңғар-Алатауы МҰТП” экологиялық ағарту инженерлері Сарқан ауданының Қарауылтөбе ауылындағы орта мектептің ұстаздарымен бірлесіп “Парктер шеруі-2024” халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Туған жерім, табиғатым” атты экологиялық форум өткізді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбиені молайту.
Форум барысында қатысушылар өз экологиялық жобаларымен таныстырып, өзекті мәселелерді қозғады. Оқушылар ұлттық парк туралы жаңа мәліметтер алды. Форум соңында ұстаздарға, оқушыларға ұлттық парк атынан алғыс хаттар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған