Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Недзвецкий алма ағашы

Недзвецкий алма ағашы

Недзвецкий алмасы жойылып кету қаупі төніп тұрған, өте сирек, реликт түр. Биіктігі 5-8 метрге жететін жеміс ағашы. Гүлінің түсі ашық қызғылт түсті, жемісі аса ірі емес, дөңгелек, жемісінің түсі қызғылт. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп,жемісі тамыз-қыркүйекте піседі.
Недзвецкий алмасы табиғи өсетін орнында популяция құрмайды, жабайыжемісті орман алқаптарында жеке дара кездеседі. Ғылыми зерттеу барысында түрдің жалғыздық дана түр ретінде таралуының 8 орны анықталып сипатталды. Парктегі таралуы мен шоғырлану орындары: Тополевка, Чернов және Көкжар орманшылықтары: Көкжота, Шолақжота, Жаман Теректі, Крутое және Көкжар шатқалдары. Табиғи фактор ол Недзвецкий алмасы популяциясының аздығы.
Ұлттық парк аумағында осы түрді сақтау үшін атқарылатын қажетті шаралар, олар: мониторинг жүргізуді жалғастыру; түрді қосымша зерттеу және нақтылау қажет. Түрді қорғау бойынша экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде арнайы тақырыптық аншлагтарды орнату.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған