«Парктер шеруі – 2024» халықаралық экологиялық акциясы аясында «Жоңғар Алатауы» МҰТП экологиялық ағарту инженерлерімен және Сарқан, Лепсі, Алакөл филиалдары мамандарының қатысуымен «Құстар күні» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында концерт, дәріс сабақтар, сурет байқауы өткізіліп, ағаш басына құстардың үйлері ілінді.
Аталған акцияға Сарқан қаласының Сарқан политехникалық колледжінің «Эко-клуб» мүшелері, Лепсі, Қабанбай, Теректі орта мектептерінің оқушылары қатысты.