Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Хабарландыру

Хабарландыру

Қымбатты Достар!
🏔️Сіздерді Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің
көркем табиғатын тамашалауға шақырамыз!
🌳Ғылыми-танымдылық мақсатта Сіз барлық алмалардың арғы атасы – Сиверс алма ағашының гүлденуін көре аласыз!
📢Сиверс алма ағашы – Жетісу облысының таулы аймақтарында өсетін ҚР Қызыл кітабына енген, ерекше қорғауды талап ететін алма ағашы.
Парк аумағының 1,05 % Сиверс алмасының жабайы жемісті орманы алып жатыр, бұл әлемдегі алма ағаштарының барлық өсірілетін сорттарының ұрпағы.
🌸Алма ағашының гүлденуі сәуір айының соңында – мамыр айының басында әдемі ақ гүлдермен безендірілген таңғажайып гүлденген ландшафттарға айналады. Бұл кезең тек екі аптаға созылады, бірақ осы уақыт ішінде алма ағаштар өздерінің сұлулығымен және әсемдігімен таң қалдырады. Осы әдемі құбылысты тамашалау үшін Сіздерді 1 күндік туристік маршрутқа шақырамыз!
💰Жоңғар-Алатауы МҰТП-не кіру құны:
Ересектерге – 869,2 тг
Студенттерге – 744,2 тг
Оқушыларға – 619,2 тг
Мектеп жасына дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға – тегін.
Қосымша қызметтер парктің бекітілген тарифтік жоспарына сәйкес төленеді.
📞Байланыс телефоны: 8(72839)2-19-23; 87022971101

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған