Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі-2024» табиғатты қорғау акциясы аясында мектеп оқушылары және студенттер арасында «Табиғат – тал бесігім!» атты шығармашылық байқау өткізіледі. Аталған байқауға қатысушылардың жұмыстарын 2024 жылдың 10 сәуірден – 20 мамыр айына дейін ұлттық табиғи паркінің бас ғимаратында төмендегі номинация бойынша қабылданады:
1. Қолөнер шығармашылығы «Қалдықтарды қайта өңдейік» өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардан жасалған бұйымдар (конкурстық жұмыстар қалдық материалдары мен қоқыстардан, (пластикалық шөлмектер, қаптар, банкалар, картон қораптар және т.б.) дайындалуы тиіс). Орындау техникасы еркін.
Орындалған жұмыс нәтижелерін “Жоңғар-Алатауы” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөліміне әкеліп тапсыруларыңыз қажет.
Біздің мекен-жайымыз: Сарқан қаласы, Венедиктов к-сі, №74
Байланыс телефоны: 8(72839) 2-19-23;
+7(775)644-54-07
Эл.адрес: tourism_zhongaralatau@mail.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған