2024 жылы 17 сәуір күні Сарқан ауданының әкімшілік мәжіліс залында «Жоңғар Алатауы» МҰТП бас директорының орынбасары К. Акылбаев және Сарқан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Е. Турсуновтың қатысуларымен Instagram желісінде тікелей эфир арқылы жергілікті тұрғындармен орманда өртті болдырмау, орман өрттерінің алдын-алу және орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы брифинг өткізілді.