📍Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңының 32-бабына сәйкес «Жоңғар-Алатауы МҰТП» аумағында жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi. Осындай жағдай орын алған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 382-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады.
✍️Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі.