Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 22 сәуір — Дүниежүзілік жер күні

22 сәуір — Дүниежүзілік жер күні

22 сәуір – Халықаралық Жер күні (Earth Day).

Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді.

Халықаралық Жер күні 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді.

Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д’Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады.
“Жоңғар Алатауы МҰТП” РММ Сарқан филиалының қызметкерлері Екіаша ауылының Екіаша орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен бірге осы күні мектеп ауласын көгалдандырып өз үлестерін қосты.
#СарқанФилиалы
#ПарктерШеруі
#ЭкологияЖылы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған