Жыл сайын 19 сәуір күні әлемнің көптеген елдерінде дәстүрге айналған көктем мерекесі – Бәйшешек күні атап өтіледі. Оның тарихы Англиядан бастау алады, мереке 1984 жылы бекітілді. Климаттық ерекшеліктерге байланысты бәйшешектер қаңтар айынан бастап сәуірге дейін гүлдейді. Мәселен, Қазақстанда оларды әдетте ақпан айының соңында – наурыздың басында көруге болады. Аталмыш гүлді әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі атайды. Оны ағылшындар – қар тамшысы немесе қар сырғасы, чехтар – қар бүршігі, немістер – қар қоңырауы, ал біз бәйшешек деп атаймыз. Ол қардың астынан шығып, күн нұрының алғашқы жылуынан гүлденетіндіктен, осындай атауды иеленген көрінеді.
Бәйшешек күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл. Көктемнің басында, қыстың қары толығымен еріп бітпеген кезде тауда және тау бөктерінде, ормандағы қардың астында, толығымен ерімен ала қардың астынан ақ, көгілдір немесе күлгін ғажайып, бәйшешек гүлі шығады.