Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Семинар-тренинг өткізілді

Семинар-тренинг өткізілді

2024 жылғы 26-28 наурыз аралығында Жоңғар-Алатауы МҰТП, «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм» бөлімінің қызметкерлері «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту» атты семинар-тренингге қатысты.
Мақсаты:
• ұлттық табиғи парктер аумағында экотуристік қызметті жоспарлау, жүргізу саласындағы білім әлеуеті мен деңгейін арттыру, экотуризмді дамытудағы қолданыстағы халықаралық және ұлттық тәсілдер мен тәжірибелерді түсіндіру;
• МҰТП-да туристік және рекреациялық қызметті ұйымдастыру, басқару және жүргізудегі ағымдағы жағдаймен және негізгі проблемалық мәселелермен танысу, сынды пікірмен және пайыммен алмасу, экотуризмді дамытуда жалпы тәсілдерді әзірлеу;
• Іле-Алатау және Шарын МҰТП заманауи туристік инфрақұрылымымен танысу: визит-орталықтар, турмаршруттар мен соқпақтар, биоәжетханалар, глэмпингтер және т.б.
Қатысушылар:
• ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
• мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің басшыларының орынбасарлары, туризм бөлімдерінің басшылары, туризм жөніндегі маман: Іле-Алатау, Шарын, Катонқарағай Қарқаралы, Сайрам-Өгем, Баянауыл, Тарбағатай, Жоңғар-Алатау, «Көлсай көлдері», «Бұйратау», «Ұлытау», «Алтын-Емел», «Көкшетау»;
• БҰҰДБ орман экожүйелерін сақтау жобасы, БИОФИН жобасы;
• шақырылған спикерлер және т.б.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған