Орман пайдаланушылармен кездесу туралы
2024 жылдың 14 наурыз күні Ақсу ауданының әкімшілік ғимаратында «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» мамандары және Ақсу ауданының әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлесіп тұрғындармен және шаруа қожалықтарының басшыларымен, мемлекеттік орман қоры жерінде-орманды жанама пайдалану тәртібі бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында, мемлекеттік қызмет көрсету саласы, сонымен қатар басқа да орман заңнамалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
✍️ Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімі