28.02.-01.03.2024ж. аралығында “Жоңғар-Алатауы МҰТП” Сарқан, Лепсі және Алакөл филиалдарында жұмыс жоспарға сәйкес “Рекреация, экологиялық ағарту және туризм”, “Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту” бөлімдері жыл сайынғы мемлекеттік инспекторларды оқыту семинарлық сабақтар өткізді.
🔹Экологиялық ағарту қызметі бойынша: «Ұлттық парктегі экологиялық-ағартушылық қызметтің мақсаттары мен бағыттары”, “БАҚ-пен жұмыс”, ”Мобилография негіздері”;
🔹Туристік-рекреациялық қызметі бойынша: «2024ж. салық бойынша өзгерістер»; «Туристік маршруттарды абаттандыру ережелері»; «Қауіпсіздік ережелері» және т.б.;
🔹Жануарлар дүниесін қорғау бойынша: «Биотехниялық іс-шаралар»; «Жабайы жануарлардың санақ жұмыстарын жүргізу», «Хаттама толтыру»; «Қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және қолдану ережесі»; «Смартты пайдалану» және т.б. тақырыптар қарастырылды.