Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Алакөл ауданы тұрғындарының назарына!

Алакөл ауданы тұрғындарының назарына!

«Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ-де, орманды жанама пайдалану қызметі бойынша орман билеттерін жазып беру «Е-лицензиалау» электрондық порталына көшірілгенін хабарлайды.

         «Е-лицензиялау» порталында «Қоршаған ортаны қорғау» – «Ағаш кесу және орман билетін беру» қызметтер санаттары бойынша орман пайдалануға берілген жер теліміне қарасты мемлекеттік кірістер басқармасына ҚР Салық Кодексінің 591 бабы 1 тармақшасына сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда болғаны үшін 1 адамға (мал бағушы) күніне 0,1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) төленеді 369,2 теңге (ЕҚТА аумағында болу үшін КБК-105313) және сонымен қатар (орман пайдалануға КБК-105304).

         Алматы облыстық маслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі №34-175 шешімі бойынша орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшері 1 бас малға:

  1. Ірі қара мал – 135 тг
  2. Ірі қара төлі – 68 тг
  3. Жылқы – 180 тг
  4. Қой – 34 тг
  5. Омарта орналастыру – 257 тг 1 дана.

         Жоғарыда көрсетілген салық басқармасына орман пайдалануға төленген ақының түбіртегі бар болған жағдайда өтінімді ЭЦҚ кілті арқылы кіріп беруге болады.

         МОҚ жерлерінде таулы аймақтарда 1 бас мал жаюға бекітілген жер аумағының нормасы: ірі қара мал, қой – 0,75-1,5 га, жылқы – 1 га.

         Осыған байланысты орман пайдаланушылардың жанама пайдалануға бос жер учаскелерін нақтылау және орман пайдалану көлемі бойынша төлемақыны есептеу үшін және туындаған сұрақтар бойынша мекемеге келуді немесе төмендегі байланыс нөміріне хабарласуды сұраймыз.         
Байланыс нөмірі: 8777 175 82 96

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған