Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 3 наурыз — Дүниежүзілік жабайы табиғат күні

3 наурыз – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні

Дүниежүзілік жабайы табиғат күні жыл сайын 3 наурызда тойланады. Бұл күн біздің әрқайсымызға айналадағы жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлілігін және оның біздің өмірімізде алатын маңыздылығын еске түсіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар табиғатты қорғау іс-шараларының адамдық пайдасы туралы хабардарлықты арттыруға көмектеседі.

2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясы 3 наурызды – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл күн жойылып кету қаупі төнген түрлердің халықаралық саудасын реттеуде маңызды рөл атқаратын 1973 жылы жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның (CITES) қабылданғанымен сәйкес келеді.

Сонымен қатар, бұл күн ауқымды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары бар жануарлар әлеміне қатысты қылмыспен күресті күшейту қажеттігін еске салады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған