🔹БҰҰДБ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 13-15 ақпанында табиғатты қорғауға, МЕТТ-бағалау жүргізу яғни (ЕҚТА) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейту бойынша іс-шара өтті.
Осы іс-шара аясында ЕҚТА желісін кеңейту жолдары, оның ішінде табиғатты қорғау құндылығы жоғары жаһандық маңызы бар ормандар мен қар барысының аумағын көбейту талқыланды. Солтүстік, Орталық және Батыс Тянь-Шань орман экожүйелеріне ерекше назар аударылды, онда әртүрлі ұлттық парктер мен қорықтар аумағында далалық зерттеулер жүргізілді.
Іс-шараға табиғи ресурстар басқармасы, ЕҚТА, ҮЕҰ басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ “Жоңғар Алатауы” МҰТП Ғылым бөлімінің басшысы- Б.Сағынғалиева, Лепсі филиалы директорының орынбасары – Н.Ниязов, Алакөл филиалы директорының орынбасары – А.Нуртазин және тәуелсіз сарапшылар мен мамандар қатысты. Іс-шара барысында басқарудың тиімділігі мәселелерін, жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтуге және құруға байланысты ықтимал проблемалар мен қақтығыстарды белсенді талқылады.