Парк аумағында қыс мезгілінде қыстайтын құстардың суықтан қалың мамықтары сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы, соның себебінен көпшілік құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген. Мысалға, сауысқан да, қарға да кез-келген тамақты қорек ететін құстар.
Қыста тамақ табу қиын болғандықтан, ауыл маңайында жүріп, түрлі тамақ қалдықтарымен қоректене береді. Олар қар астында қатып қалған төгінділерді де, тырнақтарымен тырнап босатып, мықты, үшкір тұмсықтарымен шоқып та қоректенеді.
Қырғауыл, құр сияқты құстар үшін қысқы тіршілік өте қиын. Олар бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді, сондай-ақ құрдың басқа құстардан ерекшелігі аяз күндері қар астына кіріп сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемін іздейді.
Парк аумағында тоқылдақ суықторғайлар, көгершіндер де қыс мезгілінде кездеседі.
✍️Ғылыми қызметкер Қожағұл Б.Н.