«Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Алакөл филиалының «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм» бөлімінің мамандары, Көкжар орманшылығының орман шебері, ғылыми маманы қатысуымен Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы Мыңбаев атындағы орта мектебінің 5-7 сынып оқушыларына «11- қаңтар — Бүкіләлемдік қорықтар мен ұлттық парктер күніне» арналған ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында презентация көрсетіліп, оқушыларға ұлттық парк туралы қызықты мәліметтер айтылды. Сабақ соңында бүктемелер мен парақшалар таратылды.
Осы ашық сабаққа үлесін қосқан мектептің география және тарих пәннің мұғалімі Урістемов Хасен Рахымбайұлына алғыс білдіреміз.
Қатысушылардың саны — 25 оқушы.