15 желтоқсан күні «Жоңғар-Алатауы» МҰТП мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік ел тірегім» атты іс-шара өтті. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. 1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. 30 жылда еліміз әлем елдері арасында жеке дара дербес ел екені дәлелдеді.
Тәуелсіздік күніне орай ұлттық парктің бас директоры М. Кабиев парк еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерді және ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі тарапынан берілген ұлттық парк мамандарын алғыс хаттармен марапаттады.
«Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімі