Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 27-4/263-нқ бұйрығы негізінде «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында, жаңа жыл алдындағы кезеңде қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарының жас талдарын қорғауды күшейту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын қараша – желтоқсан айларында шыршаны заңсыз кесуден қорғау жұмыстары парк бойынша жоспарлы түрде атқарылады. Филиалдарда ішкі істер ұйымдары мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп жорық жүргізіледі. Орман алқаптарына баратын жолдарда бақлау бекеттері қойылып, кезекшілік ұйымдастырылып, автокөліктерді тексеру жұмыстары атқарылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 31 мамырындағы № 441 қаулысымен ҚР орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар бекітілген. Жаңа жыл қарсаңында (қараша-желтоқсан) қылқан жапырақты тұқымдастарды жою немесе зақымдағаны үшін келтірілген залал мөлшерін өтеу 1 дана үшін 15,0 АЕК құрайды (51 750 тг). Сонымен қатар, ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 381- 1 бабының 3- тармағы заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға 150 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 450 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 600 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Қылқан жапырақты ағаштардың жас талдарын заңсыз кескені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабына 3 тармағының 5 тармақшасына сәйкес жауапкершілік көзделеді, соның нәтижесінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасаған бұзушылық жасаған тұлғағаның мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе білгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылады немесе 3000 мың АЕК айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеміз. Құрметті аудан тұрғындары жасыл желек шыршаларын қорғау басты парызымыз екенін ұмытпайық!!! Шыршаларды заңсыз кесу фактісі байқалған жағдайда, «Жоңғар – Алатауы МҰТП» РММ 8(72839) 2-12-01, 2-24-41, +777 239 15 24, +7701 398 00 04 телефондары бойынша хабарлауды сұрайды.
Орманды қорғау және сақтау инженері А. Сатыбалдинова