Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Жабайы шошқа, қабан

Жабайы шошқа, қабан

Жабайы шошқа, қабан (лат.Sus scrofa) –сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар. Жабайы шошқа жылдың 4 мезгіліндеде белсенді өмір сүреді. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды Негізгі мекендейтін орны – тоғайларда. Жабайы шошқа ылғалдандырылған жерлерді таңдайды, бұл жерде азық табу оңай. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен коректенеді. Жабайы шошқа парк аумағының Осиновое, кіші Жалаңаш, Жалаңаш, Лепсі, Бірмойын, кіші Жылысай, Тастау, Аттапқан, Арқанкерген шатқалдарында бақыланып, фототұзаққа түсті. Қазіргі таңда Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 900 ге жуық жабайы шошқа мекен етуде.
✍️Ғылым бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған