Бүгін Бірлік орта мектебінің директоры Айнур Батырбековна Бораншина мен «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Кабиев Марат Нұрғазыұлы арасында «Жасыл мектеп» мектеп орманшылығы» бірлескен жобасына қол қойылды. Жоба қатысушылары 6-8 сынып оқушылары мен биология және химия пәндерінің мұғалімдері ұлттық парк аясындағы ғылым бөлімімен бірлесе жұмыс атқаратын болады. Сонымен қатар туризм мен экологиялық мәселелердің шеңберінде зерттеу жұмыстары, танымдық саяхаттар, QR-қорық, МЕДИЯ-орталық жұмыстары, форумдар мен конференциялар жоспарлануда. @birlik_mektebi @jasulan_beitek @almas_baigunusov