Ата жолын жалғаған Бұрунғазовтар әулеті
Көптеген жылдар бойы бір кәсіпке адал болған тұтас әулетті кездестіруге болады. Осындай еңбек әулеті Жетісу өңірінің Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округінде бар.
Атасы – Тұнұсбек, әкесі – Әлкен, немересі Рамазан. Соғыстың сұрапыл жылдарының өзінде Тұнұсбек Бұрунғазов орманшы болуды армандаған. Ал соғыс біткен соң Тұнұсбек Бұрунғазов орман шаруашылығына келіп, жұмысқа орналасты. Соғыс ардагері 35 жыл Лепсі бау-бақша және орман шаруашылығы кәсіпорнында еңбек етті.
Тұнұсбектің баласы 17 жасар Әлкен еңбек жолын Лепсі орман шаруашылығында тракторшы болып еңбек жолын бастады. Осы уақыттан бастап оның еңбек жолы өрлей бастады және 2010 жылы «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалының директоры қызметін атқарып, осы жерден зейнеткерлікке шықты.
Ата жолын жалғаған Әлкеннің ұлы Рамазан 1999 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, Лепсі орман шаруашылығына жұмысқа кірді. 2019 жылдан бастап, Рамазан Әлкенұлы Лепсі филиалы директорының орынбасары қызметін атқаруда.
Рамазан Әлкенұлы адамдармен қарым – қатынас құра білетін, білікті маман, өз ісіне адал жан.