Орман алқаптарын қорғау мен оны өсіру, күтіп-баптау қызметі оңай емес. Бұл жұмыстарды орманшылардың абыройымен атқарып жүргенін атап өткен жөн.
Алдағы «Орманшылар күні» қарсаңында мақаламызға арқау болған Вишняков Мнир Ганиевич. Кейіпкеріміз «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-де Сарқан орман тұқымбағының басшысы лауазымында қызмет атқарады. Мінезі де ашық жарқын, адамды бірден өзіне тарта алатын және өзінің мамандығына өте мықты жан десекте артық емес. Кейіпкеріміз осы қызметте 42 жыл жұмыс істейді.
Ол Лениногор орман техникумын бітіріп, өзінің еңбек жолын 1982 жылы Сарқан орман шаруашылығында механизацияланған жеміс-жидек орман шаруашылығы, орман күтуші-қорышы қызметінен бастаған.
1985 жылы механизацияланған жеміс-жидек орман шаруашылығы технигі қызметін, 1991 жылы «Өндірістік орман шаруашылығы» кәсіпорынының орманшы көмекшісі қызметін атқарды.
1992-2010 жылдар аралығында Өндірістік орман шаруашылығы кәсіпорынының орманшы лауазымына тағайындалды.
2010-2016 жылдар аралығында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» Сарқан филиалында табиғатты қорғау инженері болып қызмет атқарса, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Сарқан орман тұқымбағының басшысы қызметін атқарады.
Жетісу өңірінде жүріп сымбатына тіл жетпейтін орман тоғайдағы әр талды сәбидей мәпелеп өсіріп, қорғап отырған орманшылардың еңбегін қалай мадақтасақ та артық емес.
#менорманшымын #ялесник