Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Қар барысын бірге сақтайық!»

«Қар барысын бірге сақтайық!»

🎨🧶Қар барысын бірге сақтайық!
«Қар барысын бірге сақтайық!» сурет салу мен қолөнер байқауы басталды! 23 қазанда бүкіл әлемде Халықаралық қар барысы күні атап өтіледі. Осы күнге орай «Жоңғар-Алатауы» МҰТП сирек кездесетін жануарды қорғауға және сақтауға арналған «Қар барысын бірге сақтайық!» атты сурет салу мен қолөнер байқауын өткізуде.

📆Байқау 2023 жылдың 6-18 қазан аралығында өтеді.
Байқауға 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.
Байқау шарттары: қар барысымен байланысты сурет салу немесе қолөнер бұйымдарын жасау қажет.
✍️Қатысушылар А3 форматындағы сурет салу немесе өз қолдарымен Қарбарысы бейнеленген қолөнер бұйымдарын жасауы керек.
Конкурс қақатысушылар туралы мәліметтер және басқа да ақпарат орындалған жұмыста көрсетілуі тиіс (қатысушының аты-жөні және жасын, білім беру мекемесін міндетті түрде көрсетуі тиіс)
Ескерту: байқау қорытындысы 20 қазанда жарияланады. I, II, III орын алған қатысушылар МҰТП дипломдармен, кәдесыйлармен марапатталады.
❗️Қатысушылар! Орындалған жұмыстарды Жоңғар-Алатау МҰТП басқармасына, Сарқан қаласы, И.Венедиктов көшесі (Арычная) №74 мекен-жайына өткізулері қажет.
☎️Байланыс телефоны 8 (728) 3921923, ұялы: 87022971101, 87756445407, рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған