21.10.2023 ж. «Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ-нің Сарқан, Алакөл, Лепсі филиалдары кеңселерінің аумағында және «Лепсі орман тұқымбағы», Тополевка орманшылығы мен Тополевка а. қарасты «Теректі», Қабанбай ауылына қарасты М. Жұмабаев, оқу орындарының аулаларын көгалдандыру мақсатында «БүкілҚазақстандық ағаш отырғызу күні» өткізілді. Іс- шара аясында 215 түп (емен, қарағай, алма ағаш, қайың т.б) ағаш көшеттері отырғызылып, «Бірге таза Қазақстан» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Қатысушылардың саны 177 адам.