21.10.2023 ж. «Жоңғар – Алатауы» МҰТП мемлекеттік инспекторлары мен еріктілердің қатысуымен
«Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу» күні атты іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында парк басқармасының аумағына 60 түп (кәдімгі қарағай) ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен бірге қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Бірге – таза Қазақстан» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Қатысушылардың саны 50 адам.