Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Төменгі Жасылкөл көлінің күзге көрінісі»

«Төменгі Жасылкөл көлінің күзге көрінісі»

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ КҮЗГІ ДЕМАЛЫС
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Міне, төрт мезгілдің ішіндегі ең шұрайлысы күз де келіп жетті. Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күзгі демалыстың айтарлықтай артықшылықтары көп.Біріншіден, күзгі ауа өте таза әрі хош иісті болып келеді. Ормандағы серуен кезінде Сіз денеңізге өте қажет оттегімен толық дем ала отырып, ерекше хош иісті ноталарды ала аласыз.Екіншіден, күзде оңтайлы температура режимі жиі байқалады. Яғни, жаз мезгіліндегідей ыстық емес, аса суық емес, орташа ауа температуралы ауа райы. Тәжірибелі туристер мұндай температураны «Экскурсия» деп атайды екен, бұл өте дұрыс ұғым.Үшіншіден, орташа тәуліктік температураның әсерінен көптеген тітіркендіргіш жәндіктер мазаңызды алмайды.Төртіншіден, алауантүсті күзгі пейзаждардың көрінісі– бұл шексіз сиқырлы көрініс. Су бетінде көрінетін ашық сары-қызыл палитраға қарап, Сіз нағыз эстетикалық ләззат ала аласыз. Осындай табиғи сұлулықпен сүйсінген әр адамның көзі қуанады, ішкі әлемінде үйлесімділік пен тыныштық орнайды. Көптеген ақын-жазушылар, суретшілер романтикаға толы шығармаларын күз мезгілінде шығарған екен.Бесіншіден, күзде орман жемістерінің итмұрын, қожақат, қойбүлдірген,долана секілді хош иісі мен дәмі өзі бір ерекше әсер береді.Жоңғар Алатауындағы «Төменгі Жасылкөл көлі» туристік маршруты Сіздерді күзгі экскурсияға шақырады.
🖊️Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Т.Касымханова
📸 Р. Варлаков Э.Долаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған