“Таза болса табиғат— аман болар адамзат” тазалық акциясы
15.09.2023 ж. “Jetisy jastary” KMM-нің филиалы “Sarqan jastary” және Жоңғар-Алатауы МҰТП-нің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік тазалық күніне арналған «Таза болса табиғат — аман болар адамзат!» тақырыбында Сарқан өзені жағалауында тазалық жұмыстары жүргізілді.
📍Акцияның мақсаты:
🔹қайырымдылықты кеңінен насихаттау, жастардың барлық істерде белсенді әрі ықыласты болуын кеңінен түсіндіру;
🔹жастардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;
🔹шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту;
🔹табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу;
🔹Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.