Жоңғар Алатауы МҰТП паркіндегі жабайы-жемісті өсімдіктер әлемі
Ұлттық парк аумағындағы өсімдіктер қауымдастығы мол және алуантүрлі. Бұл ең алдымен, жабайы –жемісті орман алқабын қалыптастыратын түрлері:Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, Жоңғар, Алматы және Корольков доланалары, Тянь-Шань шетені, бөріқарақат, қарақат, итмұрын, итшомырт шырғанақ, ырғай, таңқурай, бүлдірген, қой бүлдірген, шие, қожақат таңқурайы, кәдімгі мойыл кездеседі.
Жабайы жеміс-жидекті өсімдіктердің адам өмірінде алатын маңызы зор. Олардың тағамдық, дәрілік, дәрумендік, шырынды қасиеттерінің пайдасынан басқа, осы орман ішінде тіршілік ететін көптеген аңдар мен құстар үшін қорек қоры болып саналады. Олардың арасында ылғалдану, құрғау және тұздану сияқты маңызды экологиялық факторлардың өзгерістеріне көп мөлшерде адекватты әсер ететін белгіленген индикаторлық түрлерге, өсімдіктердің күйін бақылау,тұқымдар мен жемістердің шығымдылығын бағалауды атауға болады. Бағалау В.Г.Каппердің 6 баллдық жүйесімен өнімділікті бағалау әр өсімдікке жеке фенологиялық алаңдар мен айналымның басқа аумақтарында жүргізіледі (шығымдылығы фотосуреттерде көрсетіледі).
Өсімдіктер дүниесінің молдығына қарамастан оларды зерттеп келешекке қорғап-сақтаудың маңыздылығы өте зор.
🖊️📸Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Т.Касымханова