Гималай ұлары (Tetraogallus himalaynsis) — қырғауылдар тұқымдасынан шыққан әдемі құстардың бірі. Олар сақтықпен танымал. Сондықтан осы құсқа бақылау жүргізу өте қиын. Бірақ 2021 жылы Сарыбөктер шатқалында фототұзаққа 12 дана түскен. Жоңғар Алатауының биік таулы аймақтарында, Альпі беткейлері мен субальпілік шалғындардың жоғарғы бөлігінде теңіз деңгейінен 1500 м биіктікке дейінгі ареалда мекендейді, жаз айларында мұздықтарға дейін көтеріледі. Бұл құсты мемлекеттік инспекторлар, аңшы-биологтар парк аумағында бірнеше рет кездестірген. Кезестірген орындары: Ақсу өзенінің жоғарғы жағы, Тоқты, Тастау, Сарыбел шатқалдары. Ұлттық парктің 2022 жылғы санағы бойынша саны 272 жетті.
Ұлар туралы қызықты дерек. Қар қалың жауған жылдары, көбіне ұлар таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды да тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.
“Ғылым” бөлімі