«Жоңғар-Алатауы МҰТП»флорасындағы «жаңа түрлері»
Жабайы жемісті Сиверс алмасы ормандар алқабында және олармен ұштасқан «Жоңғар-Алатауы МҰТП»экожүйелерінде 18 бөтентұқымдас ағашты-бұталы өсімдіктер түрлері таралғаны анықталды.
Қазіргі уақытта «Жоңғар-Алатауы МҰТП» аумағындағы бөтен текті түрлердің барлығы өсу ортасы табиғи-климаттық жағдайында «табиғиға» сәтті айналғаны байқалады, белсенді түрде жаңаруға, қоныстануға және табиғи қауымдастықтарға әртүрлі дәрежеде бұзылуға қабілеттіліктері айқын бақылануда,
Біздің бақылауымыз, зерттеуіміздің мақсаты интродуценттерді анықтау, өсу орнының белгілі бір жағдайларында өсуі, сондай-ақ агрессивті бөтен текті түрлерді бақылау бойынша іс-шараларды бағалау және дер кезінде бақылаулармен алдын-алу шараларын әзірлеу үшін қажет болып табылады соңғы 50-60 жылда табиғи экожүйелерге енгізілген интродуценттерінің таралуы, экологиялық бейімділігі туралы шолу мен мәліметтер, интродуценттер өсімдіктерінің картасы келтіріледі, одан әрі зерттеудің маңыздылығы негізделеді.
Ұлттық парктің және оның қорғау аймағының аумағында өсетін, екпелердің түріне, жасына, жай-күйіне, құрамы мен сипатына қарамастан, жерсіндірілген тұқымдардың барлық екпелеріне бақылау және орманфитопатологиялық тексерулер мен қадағалауды жалғастыру, бөтентұқымдастар туралы тақырып одан әрі мұқият зерттеулерді және тұрақты мониторингті ұйымдастыруды талап етеді.
🖊️Бас директордың орынбасары Т.Касымханова
📸 Т.Касымханова, Р.Ахунова