📍25 тамыз күні “Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” қызметкерлерінің қатысуымен “Таза болса табиғат, аман болар адамзат” атты экологиялық акция өткізілді. Акция кезінде мекеме аумағы пластикалық және басқа да қоқыс қалдықтарынан тазартылып, сенбілік жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар экологиялық ағарту және эколог-инженер мамандары Сарқан қаласының тұрғындарына табиғатымызды қоқыс қалдықтарымен ластамау туралы үгіт-насихат жүргізіп, үнпарақтар таратты.