2023 жылдың 21-24 тамызы аралығында Алматы қаласында Жерді қашықтықтан зондтаудың заманауи технологияларын пайдалана отырып, орман өрттерін анықтау мен мониторингтеуге арналған семинар өтті.
Семинарға Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтары мен орман шаруашылықтарының ормандарды қорғау және қалпына келтіру жөніндегі 50-ден астам инженерлері, орманшылары мен орман шеберлері қатысты.
Іс-шарада Қазақстандағы БҰҰДБ сарапшылары өртке қарсы күресте геоақпараттық жүйелерді пайдаланудың озық әдістерімен бөлісті.
Тәжірибелік сабақтар аясында қатысушылар дала өрттерін бақылау және анықтау дағдыларын және MODIS, Aqua, Suomi NPP, VIIRS, Landsat, Sentinel сияқты ғарыштық түсірілімдер арқылы игерді, сондай-ақ өртенген аумақтардың ауқымын анықтауды үйренді.
Семинарға « Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен қорық қорын қалпына келтіру және қорғау бөлімінің бөлім басшысы Т.Ахунов пен орманды қорғау және сақтау инжинерi А.Сатыбалдинова қатысты.