Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Еріктілермен кездесу

Еріктілермен кездесу

📆18.05.2023 жыл
🕚15:00
📍»Jetisy jastary» КММ-нің филиалы «Sarqan jastary» және «Жоңғар Алатауы МҰТП» ұйымдастыруымен Сарқан гуманитарлық колледжі мен Сарқан политехникалық колледжінің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Жас tourist» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Шараның барысында «Жоңғар Алатауы МҰТП» басты мақсаты, міндеті, бөлімдер туралы ақпарат беріліп, туристік маршруттардың шоғырланған жерлері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауданымызда туристік инфрақұрылымды даму жолдарының тетіктері көрсетілді. Парк мұражайында көрсетілген жануарлар мен өсімдіктер әлемінің түрлерімен және сиверс алмасының шығу тарихымен танысты. Болашақта ұлттық паркке өз еркімен ерікті болуға сауалнама толтырылды. Жастар қызығушылық танытып, өз пікірлерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған