2023 жылдың 15 мамыр күні «Жоңғар Алатауы» МҰТП қызметкерлері
№1 орта мектеп-гимназиясының 5-8 сынып оқушыларына «Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұлттық табиғи паркі туралы ашық сабақ жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар өлкеміздің табиғи, мәдени-тарихи жерлерімен танысып, ұлттық парк туралы фото-,бейнематериал көрді. Барлық балалар ашық сабаққа белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және акция аясында мектеп ауласына ағаш көшеттері отырғызылды.
Қатысушылардың саны – 60 оқушы.