Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 3 мамыр — Күн күні

3 мамыр – Күн күні

Күн энергиясы халықаралық қоғамының Еуропалық бөлімі (ISES-Europe) жаңартылған энергия көзін пайдалану мүмкіндігіне назар аудару үшін 1994 жылдан бастап жыл сайын Күн күнін ұйымдастырып келеді.
Көк аспандағы бәріне таныс сары шарға қарап, оның шынымен де не екені туралы сирек ойланамыз. Күн – аспандағы сары «шам» емес, бұл галактика арқылы керемет жылдамдықпен зымырайтын ыстық плазманың адам айтқысыз үлкен шары.
Күн –сары болып көрінгенмен шындығында күннің түсі ақ екен. Ол орасан зор энергия бөліп шығарады.Ғалымдар күн батареясын ойлап тапқан, бұл арқылы үйді жылытып, электр тоғын алуға болатынын дәлелдеген.Күннің жарығы көрінбейтін және көрінетін шуақтардан тұрады. Көрінбейтін шуағына –ультра күлгін шуағы жатады. Міне солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды-Д дәрумені бар.Егерде күн шуағын дұрыс пайдаланбасақ, зияны да болады.

1. Күн ең алдымен гелий мен сутегінен тұрады, және оның беті қатты емес.
2. Күн өз өсінің айналасында айналады, және де экватордағы жұлдызды заттардың қабаттары полярлық аймақтардағы қабаттарға қарағанда үштен бір есе жылдам айналады.
3. Аспан әлеміндегі басқа да жұлдыздар секілді, күннің де өз атмосферасы болады. Оның үстіңгі шегі Плутон орбитасынан да алысқа кетеді.
4. Күн массасы біз ойлағаннан да көп. Ол Күн жүйесінің бүкіл массасының шамамен 99,86 -%-ын құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған