Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк қызметке өтініш беру құқықтары

Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк қызметке өтініш беру құқықтары

Биылғы жылы «Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ-де мемлекеттік қызмет көрсету түрі электрондық форматқа көшірілгендіктен, яғни орман билеті рұқсат құжатын алу үшін «Е-лицензиялау» порталында «eGov mobile» мобильді қосымшада өтінім жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемесіне баруды жеңілдетеді.
Мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде, және ҚР «Жайлымдар туралы» Заңы, «ҚР Орман Кодексі», » МОҚ учаскелерінде шөп шабу және мал жаю» ережелері, «ҚР ормандардағы Санитарлық қағидалары», «Ветеринарлық-санитарлық ережелері» сияқты нормативтік құқықтық актілерді сақтау қажет.
Мемлекеттік орман қоры аумағында, орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде, «Е-лицензиялау» веб-порталында «Ағаш кесу мен орман билетінің ережелері, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру нысандарын бекіту туралы » Ережесінде көрсетілген 4-қосымша өтініш нысаны бойынша тіркеу қажет.
Орман пайдаланушы өтініш нысанын толтырған кезде, пайдаланатын учаскенің алаңы мен пайдалану мөлшерін, орман пайдалануға бюджетке төленгенін растайтын мәліметтерін толтыру қажет және орманды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де құжаттарды, яғни «ҚР жайылымдар туралы» Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес, орман иеленушіге жануарларға ветеринарлық анықтама мәліметтерін беру қажет.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарын тапсыру міндетті болып саналады. Себебі өтініш дұрыс толтырылмаған жағдайда қабылданбайды.
Орман пайдалануға рұқсат құжатын алу үшін, өтінім жасауға керекті мәліметтерді алдын ала орман иеленушімен пайдалану учаскесін белгілеп және орман пайдалануға бюджетке төленетін мөлшері есебін анықтап келісу қажет.

✍️ Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімі, Г. Абакумова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған