Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Хабарландыру!

Хабарландыру!

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Парктер шеруі-2023» табиғатты қорғау акциясы аясында мектеп оқушыларымен студенттер арасында «Табиғат – тал бесігім!» атты шығармашылық байқау өткізіледі. Аталған байқауға қатысушылардың жұмыстары 2023 жылдың 11 сәуірінен – 7 мамыр аралығында ұлттық табиғи парктің бас ғимаратында төмендегі номинация бойынша қабылданады:

1.Қолөнер шығармашылығы «Табиғатты қорғау» тақырыбында өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардан жасалған макет немесе бұйымдар болуы қажет (конкурстық жұмыстар қалдық материалдары мен қоқыстардан, пластикалық шөлмектер, қаптар, банкалар, картон қораптар және т.б. заттардан дайындалуы тиіс). Орындау техникасы еркін.

Орындалған жұмыстарды рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөліміне әкеліп тапсыруларыңыз қажет.

Біздің мекен-жайымыз: Сарқан қаласы, Венедиктов к-сі, №74

Байланыс телефоны: 8(72839) 2-21-03;
+7(775)6445407
Эл.адрес: tourism_zhongaralatau@mail.ru

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған