Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » SMART құрылғысын пайдаланудың тиімділігі

SMART құрылғысын пайдаланудың тиімділігі

Жоңғар Алатауы МҰТП-нің мемлекеттік инспекторлары 2021 жылдан бастап SMART құрылғысын пайдалану арқылы қызметтерін атқаруда.
SMART бағдарламасының ішінде мемлекеттік инспектордлардың атқаратын барлық жұмыстары қамтылған. Олар: Құжаттарды тексеру, жануарлар дүниесінің мониторингі, өсімдіктер дүниесінің мониторингі, құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен актілер, алып қоюлар, құқық бұзушылықтың белгілері, биотехниялық шаралар, өрттін алдын алу шаралары, профилактикалық іс-шаралар, жылқыларға шөп дайындау, орман шаруашылығы жұмыстары, орман өсіру жұмыстары, орманды қорғау жұмыстары, өртке қарсы іс-шаралар, орман айналымдарын тексеру.
SMART құрылғысының тиімділігі мемлекеттік инспекторларды қағазбастылықтан арылту. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлардың жүріп өткен жолдарын, жабайы жануарлардың мекендеу орындарын, сирек кездесетін және индикатор өсімдіктерді кездестірген нүктелерін картаға белгілеуде, парк аумағындағы қызметті атқару кезінде SMART құрылғысын пайдалану оң нәтиже беруде.
✍️ «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған