Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұмыс сапарымен 22 Шілдеде Сарқан ауданына келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен, туризм және «жасыл» энергетика саласындағы жаңа жобалармен танысты.
Сондай-ақ, облыс әкіміне «Жоңғар Алатауы МҰТП» бас директоры М. Н.Кабиев тау туризмін дамыту жоспарын таныстырды. Тополевка ауылынан Жалаңаш кордонына дейінгі жолды жөндеу жағдайында ауданда туризмді дамытуға ықпал ететін жаңа жұмыс орындарын құрумен 4 ұзақ мерзімді жоба іске асырылатын болады. Бірінші нысанды Үлкен Басқан шатқалына, екіншісін Шолақ – жота ауданына орналастыру жоспарлануда. Жалаңаш шатқалында тағы бір турбазаны құру ұсынылады. Төртінші жоба этноауылдың ашылуын көздейді.