2021 жылдың 28 желтоқсанында «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кезекті Ғылыми Техникалық Кеңесінің отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
1. Жоңғар Алатау МҰТП 2022 – 2026 жылдарға арналған басқару жоспарын қарастыру және бекіту (Баяндаушы: «Ғылым» бөлімінің басшысы Касымханова Т.К).
2. Жоңғар Алатауы МҰТП, парк ҒТК және ғылыми зерттеу жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарын қарастыру және бекіту. (Баяндаушылар: Бас директордың орынбасарлары Ержанов С.М., Ақылбаев К.С., «Ғылым» бөлімінің басшысы Касымханова Т.К).
3. Жоңғар Алатау МҰТП – нің жаңартылған рәмізін (эмблема және туы) қарастыру және бекіту. (Баяндаушы:Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Ақылбаев К.С., «Ғылым» бөлімінің басшысы Касымханова Т.К). 4. Медиа жоспар барысы, баспасөз хатшысын қарастыру. (Баяндаушы: Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Ақылбаев К.С. «Рекреация, экологиялық ағарту және туризм» бөлімі басшысы Сағынғалиева Б.Ж.)