Тентек өзені Жоңғар Алатауының солтүстігінен шығысқа қарай ағады, ол 4000 м биіктікте орналасқан тау мұздықтарынан бастау алады. Әрі қарай қара жолмен келе жатқан туристер тобы №1 Шұбарағаш шатқалына жетеді. Туристік бағыт бойынша экскурсанттар тобына ерекше таулардың мен ормандардың панорамасы ашылады. Экскурсанттар естелікке суретке түседі. Гид туристерді жабайы бұғы, тау ешкі, елік сияқты жануарлардың, сондай-ақ құстар мен өсімдіктердің мекендейтін жерлерімен таныстырады. Әрі қарай орман алқабында экскурсия жүргізушісі туристерді Сиверс алма ағашының жабайы жеміс алқаптарымен, сондай-ақ көптеген дәрілік және жойылып бара жатқан өсімдіктермен таныстырады. Марал шатқалы арқылы өтетін соқпақпен өрмелеп, туристер демалып, Тентек өзеніндегі демалыс орнына жетеді. Туристер Қазақстанның Қызыл кітабына енген қара ләйлектің ұясын алыстан тамашалай алады. Қызықты саяхаттан кейін экологиялық соқпақ Көкжар ауылына жетеді, сол жерден экскурсанттар үйлеріне қайтады.